Қырғызстанда ұрылар күзет компаниясынан 20 қаруды ұрлап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бішкекте ұрылар «Альфа-секьюрити» күзет агенттігінің қоймасын тонап кетті, деп хабарлайды АКИpress .
None
None

Оқиға 27 сәуірде болған. Сол күні таңертең жұмысқа келген қызметкерлер қойманың терезесі ашық қалғанын байқаған. Белгісіз біреулер ғимараттан 20 қаруды алып кеткен.  

Әділет министрлігінің мәліметінше компания басшысы Айбек Абылов елдегі «Қырғызстан» партиясының құрылтайшысы болып шықты.

Бішкек қалалық ІІБ қылмыстың тіркелгендігін растады. Сондай-ақ тәртіп сақшылары күдіктілерді іздестіру және қолға түсіру шараларымен айналысып жатқанын мәлім етті.

Соңғы жаңалықтар