21:11, 28 Маусым 2010 | GMT +5
Қырғызстандағы БДИПЧ/ЕҚЫҰ референдум табысты өтті деп санайды
БІШКЕК. Маусымның 28-і. ҚазАқпарат /Евгений Новиков/ - Бүгін Бішкекте өткізілген баспасөз мәслихатында БДИПЧ/ЕҚЫҰ Қырғызстандағы өкілдігінің басшысы Борис Фрлец бейбіт уақытша үкіметтің референдумның өткізілуіне қажетті жағдайды жасауға мүмкіндік алды деп мәлімдеді.

«Кейбір нақты кемшіліктерге қарамастан, азаматтардың сайлау учаскелеріне толыққанды келуі қырғыз елі азаматтарының өз болашағына сенімді екендігінің бір көрінісі іспетті», - делінген мәлімдемеде.
Б.Фрлецтің айтуынша, осы жылдың екінші жартысына жоспарланған парламенттік сайлаулардың алдында кемшіліктерді өзгерту мен жою үшін қажетті жедел де батыл іс-қимылдарды қолға алу керек дегенді де тілге тиек етті.
Жалпы алғанда Б.Фрлецтің пайымдауынша, сайлау комиссиялары референдумды ашық, алқалық және дер кезінде өткізді.