Қырғызстандағы ең ұзын адамға өмір бойына жәрдемақы тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстандағы ең ұзын адам -Женишбек Райымбаевқа емделу үшін бір жолғы материалдық көмек көрсетілді. Сонымен қатар оған өмірінің соңына дейін жәрдемақы төленетін болды.
None
None

Бұл туралы КирТАГ Қырғызстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Бүгін, 2015 жылы 28 мамырда Қырғызстан Республикасының президенті Алмазбек Атамбаев жарлыққа қол қойғаны туралы хабарланды. Оған сәйкес Женишбек Райымбаевқа 2015 жылдың 1 мамырынан бастап қосымша әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында өмірінің соңына дейін 10 мың сом көлемінде ай сайын Қырғызстан Республикасы президентінің жәрдемақысы төленеді.

Сонымен қатар оны емдеу үшін материалдық көмек көрсету аясында мемлекет басшысының өкімімен президенттік әлеуметтік қорғау және қолдау қорынан 100 мың сом бөлінді.

Соңғы жаңалықтар