Қырғызстандағы ең ұзын, бойы 2 метр 32 сантиметр адамға жеке дәрігер бөлінді

Бұл туралы сәрсенбі күні ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасаған КирТАГ хабарлайды.
«27 мамырда Нарын облыстық бірлескен ауруханасының хирург, эндокринолог және терапевт дәрігерлері Қырғыз Республикасының ең биік адамы - Жеңішбек Райымбаевты тексерді. Ол денсаулық жағдайы бойынша стационарлық емдеуге мұқтаж. Бірақ пациенттің жақындары оны ауруханаға жатқызу ұсынысынан бас тартты. Осыған байланысты аурухана басшылығы оған күніне екі рет баратын медициналық қызметкерлерді бөлді», - деп хабарлады елдің Денсаулық сақтау министрлігінен.
Жеңішбек Райымбаев - ғаламшардағы бойы ең ұзын адамдардың бірі. Оның бойы - 2 метр 32 см (басқа мәліметтер бойынша, 2 метр 36 см). 1979 жылғы 23 мамыр күні Нарын облысындағы Ақдала ауданының Аққия ауылында дүниеге келген.