Қырғызстандағы жағдай ұлтаралық келіспеушіліктерден емес, сырттан ұйымдастырылған іс-әрекеттердің салдарынан болды - Ислам Каримов

ТАШКЕНТ. Маусымның 21-і. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Қырғызстандағы жағдай ұлтаралық келіспеушіліктерден емес, сырттан ұйымдастырылған іс-әрекеттердің салдарынан болды,
None
None

деп мәлімдеді жұма, маусымның 18-і күні Бұхар облысына жасаған сапары барысында Өзбекстан Президенті Ислам Каримов. Бұл туралы Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы «Жахон» ақпарат агенттігі хабарлады.

Өзбекстан Президенті Қырғызстанның оңтүстік аймағындағы тәртіпсіздіктер қырғыз және өзбек ұлты топтарының қақтығысуынан болды деп санамайды.

«Мен мұндай пікірлерге толығымен қарсымын. Бұған өзбектер де, қырғыздар да кінәлі емес. Бұл - сырттан ұйымдастырылып отырған бүлік салу әрекеті», - деп түсіндірді И.Каримов.

«Бұл оқиғалар туралы айту ауыр. Жазықсыз адамдардың, балалар мен аяғы ауыр әйелдердің өлімі - қатігездік пен жабайылық. Мен бұл қылмыстардың тамыры жаншылып, заң бойынша жазаланады деп үміттенемін», - деп атап өтті ол.

«Біз ұлы халықпыз, ғасырлар бойы көршіліс тұрған қырғыз халқымен ортақ тіл табысып, өз мәселелерімізді жауапкершілікпен шеше аламыз», - деп аяқтады өз сөзін И.Каримов.

Соңғы жаңалықтар