Қырғызстандық жігіт Бостондағы лаңкестікті тергеуге кедергі жасаған айыбын мойындамақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ билігінің мәліметтері бойынша 2013 жылғы Бостондағы лаңкестік актіні тергеген құқық қорғау органдарына жалған ақпарат берген Қырғызстан азаматы Хайрулложон Матанов өзінің айыбын мойындамақ. Бұл туралы дүйсенбі күні жарияланған сот құжаттары айғақтайды, деп хабарлады ТАСС.
None
None

Прокуратураның ақпаратына қарағанда, Куинси қаласында (Массачусетс штаты) қаласында тұратын және такси жүргізушісі болып жұмыс жасайтын Матанов лаңкестікк басты күдіктілер ағайынды Тамерлан мен Джохар Царнаевтың досы болған.

Тергеушілерге берген жауабында ол онымен өзінің жақын таныс екенін білдірмеген. Атап айтқанда, Бостондағы жарылыстан бірнеше сағат бұрын Царнаевпен бірге түстенгенін айтпаған.

Бұдан бұрын Матанов өзінің жалған куәлік беріп, лаңкестік актіні тергеуге кедергі келтіргені үшін өзінің айыпты екенін мойындаудан бас тартқан. Оның адвокаттары әзірге дүйсенбіде түскен ақпаратқа түсінік берген жоқ. Өзінің айыбын мойындамақ болған жас жігітті сотта тыңдау күні әзірге белгіленген жоқ.

Бұдан бұрын 2013 жылғы 15 сәуірде Бостонның орталығында марафон мәресі маңында арақашықтығы 12 секундтан екі жарылыс болғаны хабарланған болатын, Үш адам қаза тауып, 260-тан астам адам жараланды. Американдық билік бұл лаңкестік актілерді ұйымдастырушылар және орындаушылар ағайынды Царнаевтар деп санайды.

Соңғы жаңалықтар