Қырғызстанның Бас прокуратурасы Бакиевтің жемтіктестері әкелген зардаптың көлемін 44 млн. долларға бағалап отыр

АСТАНА. Сәуірдің 28-і. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Бас прокуратурасы Бакиев отбасы жемтіктестерінің экономикалық қылмыстық істерінің зардабын 2 миллиард сомға (44 миллионнан астам долларға) бағалап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА Новости» агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Қырғызстанның Бас прокуратурасы Бакиевтің жемтіктестері әкелген зардаптың көлемін 44 млн. долларға бағалап отыр

Қырғызстанда сәуірдің 6-сында басталған бұқаралық толқуы ертеңінде барлық елді қамтып үлгерген. Оппозиция жақтаушылары мен құқық қорғаушылар арасындағы қақтығыстан 80-ге жуық адам құрбан болып, жүздеген адам жараланды. Құрманбек Бакиев елден кетіп қалды, ал оппозиция уақытша үкімет құрды.

«Бәкиевтің отбасының жемтіктестерінің қатысуымен орын алған экономикалық қылмыстардың залалы 2 миллиардқа жуық сомды құрайды», делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Агенттіктің хабарлауынша, Қырғызстанның экс-президенті Бакиевке қатысты жемқорлық, ақшаны жылыстыру, сондай-ақ мемлекет мүлігін заңсыз жекешелендіру мен рейдерлік басып алу фактілері бойынша барлығы 23 қылмыстық іс қозғалған.

Тергеу барысында, Қырғызстанның бас прокуратурасының мәліметтері бойынша, MGN GROUP-тың директоры Евгений Гуревичтің орынбасары болып қызмет істеген, заңсыз жолмен түскен ақша қаражатын жылыстатқаны үшін сырттай күдіктеліп отырған Ұлыбританияның азаматы Вугар Халилов тұтқындалған.

«Қырғызгаз» ААҚ бас директоры Саламат Айтикеевке өз қызмет бабын теріс пайдаланып, Қырғызстанның экс-президенті Құрманбек Бакиевтің ұлы басқаратын фирмаларға газды төмен бағамен сатуы нәтижесінде мемлекетке 731 миллион сом (16 миллион доллардан астам) зарпап әкелгендігі үшін айып тағылып отыр.

Тергеу барысында адам өлтіру және қызмет бабын асыра пайдаланған деген күдікпен қылмыстық жауапкершілікке 9 адам тартылған.