Қырғызстанның экс-президенті Қ.Бакиевті іздеу жұмыстарымен Интерпол айналысады

АСТАНА. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат- Қырғызстанның экс-президенті Қ.Бакиевті іздеу жұмыстарымен Интерпол айналысады, деп хабарлайды РБК.
None
None

Қырғызстанның уақытша үкіметі Интерполға жүгініп, Қ.Бакиевке халықаралық іздеу жариялады. Республиканың бұрынғы басшысының қазір тұрып жатқан жері белгісіз.

Бұрынырақ республиканың жаңа билігі Беларус Бас прокуратурасына экс-президентті экстрадациялау туралы сұрау салған. Беларус тарапы барлық қажетті құжаттарды алғанын растағанымен, сұраудың қанша уақытта қаралатындығы жөнінде ештеме айтпаған.

Естеріңізге сала кетейік, Қ.Бакиевке 2010 жылғы сәуірдің 7-інде болған оқиғада қаза тапқан адамдардың өліміне кінәлі деген сырттай айып тағылып отыр. Ал Беларустан саяси баспана тапқан Қ.Бакиев отанына қайтып бармайтындығын мәлімдеген. Оның айтуынша, ол Қырғызстанның президенті және конституция кепілі болып қала береді.

Соңғы жаңалықтар