Қырғызстанның оңтүстігінен келген барлық босқындар үйлеріне қайтты

АСТАНА. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат - Қырғызстанның оңтүстігінде болған қантөгісті ұлтаралық қақтығыстан қашып, үйлерін тастап кеткен босқындар өз үйлеріне қайтып оралды, деп мәлімдеді бүгін Қырғыз Республикасы Президентінің зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі арнайы өкілі Айгүл Рысқұлова, деп хабарлайды РИА Новости.
None
None

Маусым айында Қырғызстанның Ош пен Джалал-Абад облыстарында осы жерде тұратын қырғыздар мен өзбектер арасында қарулы қақтығыстар орын алған еді. Ресми емес мәліметтерге сүйенсек, осы қайғылы оқиғалар нәтижесінде шамамен 2 мыңдай адам қаза тауып, 2,5 мыңға жақын ғимараттың күл-талқаны шықты. Өз үйлерін жарты миллиондай адам тастап кетті. Оның 100 мыңнан астамы көршілес Өзбек елін паналады.

«Қазіргі күні Қырғыз елінің жер аумағында босқындарға арналған шатыр қалашықтары жоқ, олардың барлығы дерлік үйлеріне оралды», - деді А.Рысқұлова.

Соңғы жаңалықтар