Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі ұшақты қонуға мәжбүрлеген Иранның әрекетіне алаңдаушылық білдірді

АСТАНА. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Ирандағы Елшісі Медет Шерімқұлов Иранның Сыртқы істер министрінің орынбасары Мохаммад Реза Рауф Шейбонимен болған кездесуде қырғыздың азаматтық ұшағын қонуға мәжбүрлеген Иран тарабының әрекетіне байланысты наразылық білдірді,
None
None

деп хабарлады дүйсенбі күні «РИА «Новости» агенттігіне Қырғызстанның сыртқы істер ведомствосынан.

Ақпанның 23-інде Иранның әскери-әуе күштері «Қырғызстан» әуе компаниясының Дубай-Бішкек рейсін орындайтын жолаушылар ұшағын қонуға мәжбүрлеген болатын. Иранның арнайы қызметтері ұшақтан екі жолаушыны түсіріп алып қалғаны, ресми мәліметтер бойынша, ұшақта «Джундаллах» («Аллах сарбаздары») сүнниттік лаңкестік ұйымының жетекшісі Әбділмәлік Риги мен оның серіктесі болғаны хабарлаған болатын.

«Осыған байланысты Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Мохаммад Реза Рауф Шейбони мырза ресми кешірім сұрады», - делінген қырғыз ведомствосының хабарламасында.

Министрліктің баспасөз қызметі «қырғызстандық ұшақтың бортындағы шетелдік азаматтардың ұсталғаны туралы бірқатар ақпарат құралдары жариялап отырған ақпараттар шындыққа сәйкес келмейтінін» хабарлап отыр. Дегенмен, министрлік, Иран өкіметінің қырғыз ұшағын қондыруға мәжбүрлеуіне нендей себеп болғанына түсіндірме берген жоқ.

Соңғы жаңалықтар