Қырғызстанның уақытша үкіметі Қ.Бакиевті экстрадациялауды талап етті

АСТАНА. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат - Қырғызстанның уақытша үкіметі арнайы декретпен Бас Прокуратураға президенттіктен құлаған Құрманбек Бакиевты еліне экстрадациялап, оны қылмыстық жазаға тартуды тапсырды. Бұл туралы РБК мәлімдеді.
None
None

Осы декретпен Қ.Бакиев «бейбіт адамдарды ату туралы шешім қабылдағаны үшін» экс-президент және дербес құқықтылығы мәртебесінен айырылған болатын.

Қазіргі таңда Қ.Бакиев Минскіде, Беларус басшысы А.Лукашенко оған саяси баспана беруді уәде еткен.

Естеріңізге сала кетейік, сондай-ақ, Қырғызстанның уақытша үкіметі сәуірдің 7-сі күні көптеген адам өлтірілген бұқаралық тәртіпсіздіктерге кінәлілерді тапқан адамға ақшалай сыйақы тағайындағанын да естеріңізге сала кетейік. Оған бұрынғы президент Қ.Бакиев, оның інісі Жанышбек (Жаныш) және оның ұлдары Максим, Марат Бакиевтер кінәлі деп табылып отыр.

Сәуірдің 7-і күні оппазиция лидерлері мен билік арасындағы қақтығыстан кейін Қырғызстандағы оппазиция жақтастары ҚР-ның Үкімет үйін басып алып, билік уақытша үкіметке өтті. Президент Құрманбек Бакиев елді тастап, өкілеттілігін доғару туралы өтініш жазған. Қырғызстандық ақ үйдің толқуынан бірнеше ондаған адам қаза тауып, 1,5 мыңы жарақаттанған.

Соңғы жаңалықтар