14:30, 02 Ақпан 2009 | GMT +5
Қырғызстанның Жастар істері жөніндегі департаментінің басшысына «Жас Отан» төсбелгісі табыс етілді
БІШКЕК. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Қырғызстанның Жастар істері жөніндегі департаментінің директоры Айдарбек Жорабеков «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының «Жас Отан» төсбелгісімен марапатталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Қырғыз ведомствосындағылардың атап көрсетуінше, Айдарбек Жорабеков Қазақстанның жетекші партиясының төсбелгісімен Қазақстан мен Қырғызстан жастарының достығын нығайтуға қосқан үлесі үшін марапатталып отыр.