Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қыркүйектен бастап орта мектеп мұғалімдерінің жалақысына 14-20 мың теңге аралығында үстемеақы қосылады

АСТАНА. 23 ақпан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Ағымдағы жылғы қыркүйек айынан бастап еліміздің орта мектеп мұғалімдерінің жалақысына 14-20 мың теңге аралығында үстемеақы қосылады.

Қыркүйектен бастап орта мектеп мұғалімдерінің жалақысына  14-20 мың теңге аралығында үстемеақы қосылады

Бүгін BNews.kz порталында өткен он-лайн конференция барысында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов осылай мәлім етті.

Министрдің айтуынша, ағымдағы жылғы нақтыланған бюджет бойынша білім беру саласына 2011 жылдың қыркүйегінен бастап қосымша 5 млрд. теңге қарастырылған. «Бұл дегеніңіз, орта мектептердегі жоғары санатты мұғалімдер бұрын үстемеақыны 60 пайыз шамасында алып келсе, енді бұл көрсеткіш 100 пайызға жетеді деген сөз», - дейді Б. Жұмағұлов. Оның айтуынша, егер бұған дейін еш санаты жоқ мұғалімдерге үстеме төленбейтін болса, ендігәрі олардың жалақысына 20 пайыз үстеме ақы қосылатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың нақтыланған бюджеті бүгінгі күні Парламент Сенатының талқылауында жатыр. Мәжіліс мақұлдаған жоба бойынша білім саласына қосымша 20,5 млрд. теңге қарастырылған.