«Қырықбаевтар» ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшілері сотталды

деп хабарлайды ҚазАқпарат Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2007 жылы желтоқсанның 29-ында тергеу изоляторынан ағайынды Қырықбаевтар мен М.Абдуалидың қамаудан қашуымен байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары Жамбыл облыстық прокуратурасы қызметкерлерінің жетекшілік етуімен жүргізілген болатын және 2008 жылы тамыздың 18-інде облыстық прокуратура айыпкерлерді сотқа берген еді.
Іс бойынша, тікелей қамаудан қашқан Қырықбаев Ерғали, қамаудан қашуға жәрдем көрсеткен оның туған інісі Қырықбаев Нұрғали және жазасын өтеуші Есмұратов Ерлан, сондай-ақ салақтық жасап, қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланған тергеу абақтысының төрт қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қамаудан қашқандардың бірі Қырықбаев Қайратқа қатысты қылмыстық іс құжаттары оған іздеу жариялануына байланысты жеке өндіріске бөлінген, ал Абдуали Маратқа қатысты қылмыстық қудалау оның өліміне байланысты қысқартылған.
Маусымның 25-інде облыстық сот айыптау үкімін шығарды: Е.Қырықбаев 21 жылға бостандығынан айрылса, Н.Қырықбаев 13 жылға кесілді. Ал тергеу абақтысының қызметкерлері 2 жылдан бостандықтарынан айырылды.