Қырым татарын жазымға ұшыратқан милиция қызметкерлері шартты мерзімге кесілді

АСТАНА. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат - Симферополдің Теміржол аудандық соты қырым татарының үйіне қателесіп басып кірген ішкі істер органдарының екі қызметкеріне үкім шығарды. Басып кіру салдарынан азамат қолынан айырылып, шолақ болып қалған,

Қырым татарын жазымға ұшыратқан милиция қызметкерлері шартты мерзімге кесілді

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.Ру сайтына сілтеме жасап.

Симферополь аудандық бөлімінің учаскелік инспекторы Максим Пищик және ІІМ жедел қызметкері Василий Ваулин бес жылға шартты түрде сотталды.

Сот сонымен қатар, Қырым Автономды Республикасының ІІМ қалалық басқармасын зардап шеккен отбасыға 94,5 мың гривен (11,6 мың доллар) өтемақы төлеуге міндеттеді. Оның ішінде 69,5 мың гривен - моралдық зиян және отағасы Мустафа Хаировтың емделуі үшін, тағы 25 мың оның отбасына төленеді. Хаиров милиционерлерден 10 миллион гривен өндіріп алуды талап етті.

Мустафа Хаиров соттың шешіміне қанағаттанбайтынын және оны қайта қарауға шағымданатынын мәлімдеді.