17:18, 14 Ақпан 2013 | GMT +5
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2,6 пайызға өсті - статистика
АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2013 жылғы қаңтарда 2012 жылғы қаңтарға қарағанда 2,6 пайыз артық болды. Бұл туралы Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов бүгін өткен брифингте мәлімдеді.

Оның айтуынша, қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 67-68%-ын құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
«2012 жылғы қаңтар-желтоқсанда жедел деректер бойынша Жалпы ішкі өнім көлемі ағымдағы бағаларда 30 трлн. 072,5 млрд. теңгені құрады. 2011 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты ЖІӨ-нің өсуі 5 пайызды құрды. ЖІӨ құрылымында тауар өндіру үлесі ЖІӨ-нен 40,7 пайызды құрады, қызмет көрсету - 52,9 пайыз», - деп атап өтті ол.