Қысқы Универсиадаға БАҚ өкілдерінен өтініш қабылдау мерзімі аяқталуға жақын

«28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадада қызмет етіп, ақпарат тарататын БАҚ өкілдері үшін аккредитацияға өтініш қабылдау жалғасуда. БАҚ аккредитациясына өтініштер 2016 жылдың 29 желтоқсанына дейін қабылданады», делінген хабарламда.
«Халықаралық және отандық БАҚ өкілдері үшін аккредитациядан өту Ойындардың ресми almaty2017.com сайтында орналасқан «БАҚ аккредитациясы» бөлімінде жүзеге асырылады.
БАҚ өкілдеріне анкетаны толтыру керек. Өтініш қарастырылған соң, қолданушы аккредитациядан өту туралы хабарлама алады. Толық түсінікті инструкция қосымша қағазға орналастырылған. Аккредитациядан өткені туралы өтініш берушінің электронды поштасына ресми растау жолданады.
Аккредитациядан өткен шетелдік БАҚ өкілдері үшін виза алу жолдары жеңілдетіледі. Бұл үшін олар аккредитациядан сәтті өткенін растайтын жазбаны өз еліндегі Қазақстан Республикасының елшілігіне көрсетуі тиіс.
«Жарысқа және Универсиаданың басқа да шараларына бару үшін тиісті азаматтың есімі жазылған бейджді Алматы қаласы, Байзақов 280, 1 қабат («Almaty Towers») мекенжайында орналасқан Аккредитация ортағына өткізу қажет. Аккредитация орталығы 2017 жылдың 10 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында 9:00 мен 21:00 аралығында жұмыс істейді. Ойындар уақытында сегіз баспасөз-орталықтары жұмыс істейтін болады», делінген хабарламада.