00:50, 15 Ақпан 2016 | GMT +5
Қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында Э.Тұрсынбаева қысқа бағдарлама бойынша екінші орында тұр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Норвегияның Лиллехамер қаласында жасөспірімдер арасындағы қысқы олимпиада өтіп жатыр, деп жазады alaman.kz спорт сайты.

Мәнерлеп сырғанаудан қыздар арасындағы сынның қысқа бағдарламасы бойынша қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева 59,11 ұпай жинап, екінші орында келе жатыр. Көш басында 60,87 ұпаймен жапониялық Юна Шириява тұр. Үздік үштікке латвиялық Диана Никитина енген, ұпайы 58,81.
Қыздар арасындағы сынның негізгі бағдарламасы 16 ақпанда өтеді. Жеңімпаз осы күні анықталады.
Қазақстан әзірге бұл олимпиадада бір қола медаль иеленді. Оны биатлоншы Арина Пантова жеңіп алған еді.