Қысымға қарамастан, Иран бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастырады - Иранның сыртқы істер министрі

АСТАНА.  Желтоқсанның  22-сі. ҚазАқпарат -   Сыртқы қысымға қарамастан, Иран  «бейбіт мақсаттағы   ядролық  бағдарламасын жүзеге асыруды  қалыпты режимде  жалғастыра  береді». 
None
None

Бұл туралы    Бейрутта сапармен  жүрген    Иран  Ислам Республикасының сыртқы істер министрі Манучехр  Моттаки мәлім етті.   Оның айтуынша,  ирандықтар  «Тегран реакторына қажетті  отынды өздері    өндіреді».  Бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігі  хабарлады.

Иранға қарсы   жаңа  санкциялар енгізілу ықтималдығы туралы француз  дипломатиясының  бастығы  Бернар  Кушнердің  қоқан-лоқысына  жауап берген  Моттаки,   Парижге «Джордж Буштың   әкімшілігіне  ұқсамауға және өз  абыройын сақтауға»    кеңес берді.

Иран  министрі «Кушнер  көп сөйлейді,   және  оның айтқандарын   біз    басқалардың аузынан  естігенбіз»,  деп   мәлім етті.   Ол,   сондай-ақ  «медициналық реактор  үшін      уран жеткізу сияқты гуманитарлық  мәселенің  өзінде,  Батыстың  ұстанымында  саяси  мотивтердің басым  болғанына» өкініш білдірді.

«Нахарет»   ақпарат агенттігінің  хабарлауынша,   Моттаки    кеше  Ливан  премьері Саад   Харириді     ұлттық  бірлік үкіметін   жасақтауымен   құттықтады  және  Тегранға сапармен   шақырды.  «Ливандықтар,   өз   беттерінше келісімге келе  алатындарын   және  сыртқы  күштердің араласуынсыз  іс бітіре алатындарын  дәлелдеді»,  деді Моттаки өз сөзінде.

Соңғы жаңалықтар