10:18, 27 Қараша 2015 | GMT +5
Қытай 60 жыл ішіндегі ең ірі әскери реформа жүргізеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХР Әскери күштерінде елден тыс аумақта пайдалануға болатын әскери дайындығын арттыруға бағытталған ауқымды реформа жүргізіледі, деп мәлімдеді ҚХР төрағасы Си Цзиньпин шамамен 200 жоғары лауазымды әскерилермен өткен үш күндік кеңесте. Бұл туралы РБК «Синьхуа» қытайлық ресми ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Реформа аясында әскердің барлық түрін 2020 жылға қарай құрылатын бір әскери қолбасшылыққа біріктірілмек. Сонымен қатар «элиталық әскери құрылымдар» құру көзделген. ҚХР төрағасының сөзіне қарағанда, әскерде жаңа тәртіптік құрылым, заңның сақталуына кепілдік беретін саяси және заңгерлік комитеттер құрылады.