Қытай АҚШ Президентінің Далай-ламамен болған кездесуіне наразылық білдірді

БЕЙЖІҢ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Бейжіңнің ресми наразылығына қарамастан, АҚШ Президенті Барак Обама бейсенбі, ақпанның 18-і күні Ақ үйде Далай-ламамен кездесті.

Қытай  АҚШ Президентінің  Далай-ламамен   болған  кездесуіне   наразылық  білдірді

Қытай Халық Республикасының ресми өкілі Цзян Юй ханым мәлім еткендей, АҚШ-тың бұл әрекеті халықаралық құқықтың негізгі нормаларын бұзып отыр және барлық үш қытай-американ бірлескен коммюникесіне қайшы келеді.

«Қытай үзілді-кесілді наразылық білдіреді. Қытай американ тарабынан Қытайдың ұстанымына мұқият болуды және теріс салдарларды жою үшін дереу шаралдар қабылдауды талап етеді. «Тибер сепаратистерін» қолдауды және Қытайдың ішкі ісіне араласуын тоқтатуды, қытай-американ қарым-қатынасының орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін нақты қимылдар жасауды талап етеді», - деп атап көрсетті Қытай дипломаты.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон да кеше Вашингтонда Далай-ламамен кездесті.