Қытай АҚШ-ты Тайваньға қару-жарақ жеткізу жөніндегі жоспарын тоқтатуға шақыруда

БЕЙЖІҢ. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Қытай тарапы АҚШ-ты Тайваньға қару-жарақ сатудың залалдығын түсінуге,
None
None

үш қытай-американ коммюникесін қатаң сақтауға және аралға қару жеткізу жөніндегі жоспарын тоқтатуға шақыруда. Бұл туралы сейсенбі, қаңтардың 5-і күні өткен тұрақты баспасөз мәслихатында Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Цзян Юй ханым мәлім етті.

Цзян Юйдың атап көрсетуінше, елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығына қатысты тайвань және тибет мәселелері қытай тарапының негізгі мүдделерін қамтиды. «Қытай тарапы далай-ламаның басқа елдерде болуына және өзге мемлекеттердің саяси қайраткерлерінің онымен кез келген форматта және кез келген мәселе бойынша кездесулеріне әрқашан үзілді-кесілді наразылық білдіреді», - деп атап көрсетті ведомство өкілі.

АҚШ-пен арадағы сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселесіне тоқталған қытай дипломаты, тараптардың аталмыш саладағы екіжақты байланыстардың салауатты дамуын қамтамасыз ету үшін сауда-саттықтағы протекционизмге мығым қарсы тұрулары керек екенін мәлім етті.

Соңғы жаңалықтар