14:40, 02 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Қытай әскери шеруде жаңа баллистикалық зымырандарды таныстырады
АСТАНА. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат - Қытай Халық Республикасы қазанның 1-інде Бейжіңде республиканың 60 жылдығы құрметіне өтетін әскери шеруде зымыранның бес жаңа түрін таныстырады,
деп жазды сәрсенбі күні Global times басылымы Қытайдың Халық-Азаттық армиясындағы дереккөзге сілтеме жасап.
Сарапшылардың айтуынша, жұртшылық қатты отынды CSS-X-10 баллистикалық зымыранын, сондай-ақ сүңгуірлерге орнату үшін жасалған JL-2 зымыранын тамашалай алады. Бұл екі зымыран да 8 мың шақырымға дейінгі қашықтыққа атом оқтұмсықтарын жеткізуге арналған.
Алдағы шерудің мән-жайы құпия сақталып отыр. Бұған дейін хабарланғанындай, Қытай бұл шеруді өткізуге 44 миллион доллар жұмсамақ ниетте. Бейжің орталық алаңындағы соңғы әскери шеру 1999 жылы өткен еді, оған 11 мың әскери қызметкер, 400 жауынгерлік және 132 әскери машина қатысқан болатын.