07:54, 07 Сәуір 2010 | GMT +5
Қытай атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты қолдайды - ҚХР СІМ
БЕЙЖІҢ. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Жаһандық әлем және ядролық қауіпсіздік» атты мақаласында ұсынған МАГАТЭ қамқорлығымен өз аумағында Ядролық отынның халықаралық банкін орналастыру туралы
Қазақстанның бастамасын Қытай назарға қабылдады. Бұл туралы сейсенбі күні, Бейжіңде кезекті баспасөз мәслихатында Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Цзян Юй ханым мәлім етті.
Цзян Юй ханымның мәлім етуінше, Қытай тарабы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты қолдайды. «Қытай тиісті мәлімдемені назарға қабылдады. Қытай, әлемнің барлық елдерінің атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану құқығын және сол мақсаттағы халықаралық ынтымақтастықтарын тұрақты қолдап келеді», - деп атап көрсетті қытай дипломаты өз сөзінде.