Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қытай азаматы шекарадан оқ алып өтпек болды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - «Достық» кеденінің контрабандамен күрес бөлімі қызметкерлері «Алашанқай- Достық» бағытындағы жолаушылар автобусында тексеру жүргізу кезінде ҚХР азаматының қол сөмкесінен 7,62 мм калибрлі оқ тапты.

Қытай азаматы шекарадан оқ алып өтпек болды

«Достық» кеденінің бақылау және жұмысты ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі Нұргүл Нұғыманованың айтуынша, аталған факті өтініштерді тіркеу кітапшасында ҚР ҚК 250 бабының белгілері бойынша тіркелген. Осыған орай, қазіргі уақытта Алматы облысы бойынша Сот сараптама институтында сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.