Қытай Барак Обамадан Далай-ламамен кездеспеуді өтінуде
АСТАНА. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат - Қытай, Барак Обама ағымдағы айда АҚШ-қа сапармен баратын тибет буддашыларының көсемі Далай-ламамен кездеспейді деп үміттенуде.
Бұл туралы Қытай Компартиясы Орталық комитетінің өкілі Чжу Вэйцюнь мәлім етті. Ресми Бейжің Далай-ламаны «Тибетті Қытайдан бөлуге» деген сепаратистік әрекеттері үшін айыптауда.
«Егер америка басшысы Далай-ламамен кездесу туралы шешім қабылдаса, бұл әрекет біздің елдеріміздің арасындағы ынтымақтастықты және өзара сенімді бұзады», деп атап көрсетті шенеунік өз мәлімдемесінде.
Тибет аспанасты елінің құрамына ХІІІ ғасырда қосылған. Кейіннен, Қытай Халық Республикасы құрылғаннан кейін 1949 жылы Бейжің мен Лахаса «Тибетті бейбіт жолмен азат ету туралы келісімге» қол қойып, соған сәйкес аймақ коммунистік Қытайдың құрамына автономиялық өлке ретінде кірген болатын. 1959 жылы Тибетте төңкеріс болып, ол қатаң жаншылды. Тибет өкіметі таратылды да, XIV Далай-лама (Тензин Гьятсо) Үндістанға қашып, «қуғындағы тибет үкіметіне» басшылық етті.