Қытай белгілі қазақстандық мотосаяхатшы Д.Петрухиннің табан тіреген 70-інші мемлекеті болды

АЛМАТЫ. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Елена Ильинская/ - Әлемдік байкерлік қозғалыс тарихында тұңғыш рет қазақстандық мотосаяхатшы Дмитрий Петрухин Қытайға кіре алды, қазір ол елдің Гуанчжоу мен Шанхай аралығында жүр,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат BIKE.kz. сайтына сілтеме жасап.

 Д.Петрухинге дейін де талай байкерлер Қытай шекарасы арқылы өтуге тырысып көрген болатын, бірақ ҚХР үкіметі оларға рұқсат бермей келген еді. Аспанасты мемлекетін бағындырған қазақстандық байкерді халықаралық байкерлер қоғамдастығының өкілдері әріптесін алғашқы із салушы - батыр ретінде мойындайтын болады.

 Өзінің мотокөлігіне ендігі жерде Қытай жалауының ілінетінін  байкер мақтаныш тұтады. Ол ел жүрегі - Бейжіңге дейін алда әлі 5000 шақырым жол жатқанын хабарлады.

 Қытай Д.Петрухиннің Қысқы Азиада-2011 ойынын насихаттауға арнаған екінші дүниежүзілік сапарындағы  70-інші ел атанып отыр.

Соңғы жаңалықтар