Қытай «Чанчжэн-7» ғарыш зымыранын сынақтан өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа "Чанчжэн-7" ғарыш зымыраны Қытай полигонынан сәтті ұшырылды. Зымыран жаңа, қоршаған ортаға зияны аз отынмен жұмыс істейді, деп хабарлады Би-би-си ҚХР мемлекеттік БАҚ-қа сілтеме жасап.
None
None

Ұшыру алаңы - Хайнань  провинциясындағы Вэньчан ғарыш айлағы.

Елдің ғарыш агенттігі оны келешекте 13,5 тонна жүк көтеру қабілетімен жүк тасымалдау ретінде  пайдаланбақ.

Бейжің жеке ғарыш стансасын 2025 жылға дейін салып, іске қосуды жоспарлауда.

Орбитаға жүктерді "Чанчжэн-7" жеткізеді деп болжануда.

Соңғы жаңалықтар