Қытай елі кеңейтілген «Қорғас» орталығын тез арада іске қосуды ұсынып отыр ? В.Школьник

АСТАНА. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Қытай Халық Республикасының «Қорғас» халықаралық ынтымақтастық аймағын кеңейту жұмыстарын аяқтауына байланысты аталған орталықтың қазақстандық бөлігін жабдықтауға қосымша қаржы қажет.
None
None
Бұл туралы бүгін ҚР Индустрия және сауда министрлігінің 2008 жылдың қорытындысына арналған алқа мәжілісінде министр Владимир Школьник айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бүгінде Қытай мемлекеті шекара аумағындағы кеңейтілген «Қорғас» халықаралық ынтымақтастық орталығын 2010 жылда тапсыруға даяр екендігін мәлімдеп отыр. Олардың аталған орталықты тез арада іске қосу жөніндегі ұсынысына байланысты біз ел Үкіметінің көмек көрсетуін сұраймыз. Осы мәселе бойынша бүгінгі бюджетті үнемдеу жағдайында біз Министрлер кабинетіне тиісті ұсыныстарды енгізетін боламыз», - деді В.Школьник. Оның сөзіне қарағанда, аталған орталықтың қазақстандық бөлігін жабдықтауға республикалық бюджеттен қосымша қаржы қажет. Сондай-ақ министрдің айтуынша, ағымдағы жылы сәуірдің 1-іне дейін Қазақстан, Ресей мен Беларус елдері үшін ортақ кедендік тарифті енгізу бойынша тапсырылған жұмыстар атқарылуда. «Бұл жерде, ең бастысы, еліміздің ұлттық мүддесі ескерілуі шарт», - дейді В.Школьник.
Соңғы жаңалықтар