Қытай фильмі Берлин кинофестивалін ашады

АСТАНА. Қаңтардың 22-і. ҚазАқпарат - Алпысыншы Берлин кинофестивалін ұйымдастырушылар халықаралық кинофорум өзінің жұмысы басталарда алғаш көрсетілетін фильмді таңдады. Берлин кинофестивалі бағдарламасын ашу құқығына қытайлық режиссер Ванг Куананның «Apart Together» жаңа жұмысы ие болды,

Қытай фильмі Берлин кинофестивалін ашады

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.Ру сайтына сілтеме жасап.

Куананның «Туйдің үйлену тойы» фильмі 2007 жылы фестивальдің ең жоғары наградасымен - «Алтын аю» жүлдесімен атап өтілген болатын.

Кинофорум жапондық режиссер Йоджи Ямаданың «About Her Brother» картинасымен жабылады.

Берлин кинофестивалі 2010 жылғы ақпанның 11-і мен 21-і аралығында өтеді. Оның қазылар алқасын режиссер Вернер Херцог басқарады.