09:41, 01 Маусым 2010 | GMT +5
Қытай Газа секторына арналған гуманитарлық жүкке жасалған Израиль шабуылын айыптады
БЕЙЖІҢ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Қытай Газа секторына гуманитарлық жүк апара жатқан түрік кемелерінің керуеніне шабуыл жасаған Израильдың әрекетін айыптады. Бұл туралы дүйсенбі күні Бейжіңде Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ма Чжаосюй мәлім етті.
![None None](/static/img/plug.webp)
«Қытай тарабының бұл оқиғадан жаны түршігіп отыр және ол Израильдың әрекетін айыптауда. Қытай Израильды Газа секторындағы гуманитарлық ахуалды жақсарту мақсатындағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті қарарларын іс жүзінде орындауға шақырып отыр», деді Қытай дипломаты өз мәлімдемесінде.