Қытай Google сервистеріне ішінара тосқауыл қойды
Greatfire.org Google ресурстарына шектеу қойылуын Тяньаньмэнь алаңындағы оқиғалардың жылдығымен байланысты деп санайды. Онда 1989 жылдың 4 маусымында Бейжіңде студенттердің шеруін басу кезінде ресми мәліметтер бойынша, 200-ге жуық адам қаза болып, 7 мыңы жараланды.
Google өз кезегінде 31 мамырдан осы кезге дейін оның Қытайдағы сервистерінің кейбірі ғана қолжетімді болғанын атап өтті. Алайда компания тарапынан ешқандай техникалық мәселелер болған жоқ.
Қытай билігі мен Google арасында 2010 жылдың қаңтарында келіспеушілік орын алған. Онда американдық компания Қытай аумағынан оның Gmail пошталық сервисіне хакерлік шабуылдарға сүйеніп, іздеу нәтижелерінің міндетті цензурасынан бас тартып, өздерінің google.cn қытай сайтынан google.com.hk гонконг сайтына пайдаланушылардың мекен-жайын ауыстырған.
Маусым айының соңында компанияға мекен-жай ауыстырудан бас тартуға тура келді. Google лицензиясының ҚХР аумағында интернетте қызмет көрсету мерзімі 30 маусым күні аяқталып келе жатқасын, компанияның бас заңгері Дэвид Драммондтың өтінішіне сәйкес, қытай билігі сол мерзім жақындағанда лицензияның мекенжай ауыстыруы тоқтатылмаса ұзартылмайтынын алға тартты. Нәтижесінде Google компаниясы ҚХР-дағы жұмыс үшін лицензияны ұзартуға өтініш жолдады. Бірқатар уақыт өткен соң Қытай билігі ресми түрде лицензияның ұзартылғаны туралы ақпаратты қуаттады.