Қытай ирандық ядролық мәселені дипломатиялық жолмен шешуді ұстанады

БЕЙЖІҢ. Сәуірдің 20-сы. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Иранға қарсы шектеулер жобасын талқылаған «алтылықтың» жиынына қатысқанына қарамастан Қытай Иранның ядролық мәселесін дипломатиялық жолмен шешуді ұстанады. Бұл туралы сейсенбіде Бейжіңде ҚХР СІМ ресми өкілі Цзян Юй мәлімдеді.

Қытай ирандық ядролық мәселені дипломатиялық жолмен шешуді ұстанады

Қытайлық дипломат бірнеше рет мәлімдегеніндей, өткен бейсенбідегі Нью-Йоркте өткен БҰҰ тұрақты өкілдерінің Иран бойынша «алтылығының» кездесуі келіссөздер мен екі жақты диалог арқылы ирандық ядролық мәселені шешу жолы жабық деген тұжырымды білдірмейді.

«Біздің ойымызша, нақты диалог пен келіссөздер - Иранның ядролық мәселесін мейлінше тиімді шешу жолы», - деп атап көрсетті Цзян Юй ханым.