Қытай Иранға қарсы санкцияны талқылауға келісті
деп хабарлады журналистерге АҚШ-тың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Сюзан Райс. «Қытай келіссөзге атсалысуға келісті», - дейді Райс ханым. Ол сондай-ақ АҚШ-тың ықтимал санкциялық қарардың тараулары бойынша нақты ұсыныстар әзірлеп отырғанын айтып өтті, деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Тегранға қарсы жаңа санкцияларын Бейжің бұған дейін талқылаудан бас тартып келген болатын, бірақ сәрсенбі күні «алтылық» (РФ, Қытай, АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Германия) өкілдерінің телефон арқылы келіссөздерінің қорытындысына сілтеме жасаған батыс дереккөздері, жақын арада қарар жобасының талқылана бастайтынын хабарлады.
Сәрсенбі күні АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон, алдағы апталарда «алтылықтың» және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің өзге де мүшелерінің қатысуымен Иранға қатысты санкциялар бойынша келіссөздің басталатынын хабарлады.