08:44, 06 Қаңтар 2010 | GMT +5
Қытай Иранға қарсы жаңа санкцияларды қолдаған жоқ
АСТАНА. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат - Қытай Иранның ядролық бағдарламасына байланысты оған жаңа санкциялар салу идеясын қолдамайды.

Қытайдың БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Чжан Есуэй осындай мәлімдеме жасады.
Осылайша, Қытай тарапы Иранға қарсы бірқатар жаңа санкциялар енгізу жөніндегі АҚШ пен бірқатар еуропалық мемлекеттердің ұсыныстарын қолдамады. Қытай өкілінің айтуынша, бұл мәселені шешу үшін көбірек уақыт және сабыр керек, деп хабарлайды Associated Press агенттігі.
Қытай тарапының пікірінше, «қазір Иранға қарсы жаңа санкциялар енгізуге лайықты уақыт емес».
Қытайдың БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі ағымдағы жылдың қаңтар айында БҰҰ-дағы баяндамаларында Ауғанстан, Сомали, Судан, Косово елдеріндегі проблемаларға, Таяу Шығыстағы жағдайға көбірек назар аудармақ ниетте.