18:28, 08 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Қытай Иранға қатысты санкцияға қарсы шықты
АСТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат - Қытай Иранмен дипломатиялық келіссөздерді қайта жандандыруға шақырды және Тегранға қатысты қосымша санкциялар енгізуге наразылық білдірді,
деп хабарлайды MIGnews.com сайты.
«Біз, қазіргі жағдайда дипломатиялық әрекеттің белсенділігін арттыруымыз және Иранмен келіссөздерді жандандыруымыз керек, деп санаймыз», - деді Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы.
Ресми өкілдің айтуынша, Иранға қатысты қосымша санкциялар ислам республикасымен диалогты және дипломатиялық қарым-қатынастарды жандандыруға көмек бола қоймайды.