Қытай Иранның ядролық бағдарламасының бейбіт жолмен шешілуін қолдайды - СІМ

БЕЙЖІҢ. Наурызды 10-ы. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Қытай Иран ядролық бағдарламасының бейбіт жолмен шешілуін қолдайды.

Қытай Иранның  ядролық  бағдарламасының   бейбіт жолмен шешілуін   қолдайды -  СІМ

Бұл туралы сейсенбі, наурыздың 9-ы күні Бейжіңде кезекті баспасөз мәслихатында Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Цинь Ган мәлім етті.

Қытай дипломатының айтуынша, Бейжің Иранның ядролық проблемасы бойынша бейбіт келіссөз және дипломатиялық шаралар жүргізуді әрқашан қолдап келеді. «Қазіргідей жағдайда дипломатияға, бар тараптың мүдделерін ескере отырып консультациялар мен диалогтар жүргізуге мүмкіндік бар деп есептейміз. Қытай мүдделі тараптармен қарым-қатынасты жалғастыра бермек», деп атап көрсетті Цинь Ганн өз сөзінде.

Естеріңізге сала кетейік, жексенбі, наурыздың 7-сі күні Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының аясындағы сессия аясындағы баспасөз мәслихатында Қытай Сыртқы істер министрі Ян Цзечи, «санкциялар - Иранның ядролық бағдарламасын шешуге мүмкіндік беретін жол емес екенін» мәлім еткен еді. Дипломат сондай-ақ, «Иранның ядролық бағдарламасының шешімі қиыншылықтарға кездескенімен, дипломатиялық әлеуеттердің әлі түгесілмегенін» айтты.