Қытай Қазақстанға ЭКСПО-2017 өткізуге жан-жақты қолдау білдіреді
БІШКЕК. ҚазАқпарат - ЭКСПО-2017 өткізуде Қазақстанға Қытай жан-жақты қолдау білдіреді. Бұл туралы бүгін ҚХР мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцян Бішкектегі ШЫҰ мүше мемлекеттер үкіметтерінің басшылар кеңесінің кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың Бішкектегі меншікті тілшісі.
«Қытай Қазақстанды «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуде жан-жақты қолдау білдіреді. Жоғарғы және инновациялық технологиялардың маңызды рөлін ескере отырып, ғылым мен техника, баламалы қуат көзі және «жасыл» экономика саласындағы байланыстарды нығайту керек», - деп атап өтті Ли Кэцян.
Еске сала кетсек, бүгін Бішкекте ШЫҰ мүше мемлекеттерінің үкімет басшылары кеңесінің 15-ші мерейтойлық отырысы өтіп жатыр. Бұл отырыс ШЫҰ мерейтойлық жылындағы ресми шаралар кезеңін аяқтайды. Бүгінде Қазақстан ШЫҰ төрағасы болып табылады, ал 2017 жылдың 8-9 маусымында Астанада ұйымға мүше мемлекеттер басшыларының Саммиті өтеді.