Қытай құрамасындағы қазақ боксшысы әлем чемпионатында қарсыласын нокаутпен ұтты

None
Фото: Getty Images
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қытай құрамасында өнер көрсететін Тоқтарбек Таңатхан ширек финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақ жігіті 80 келіге дейінгі салмақта мысырлық Абдельгаввад Салахпен шеберлік байқасты.

Қытайлық боксшы қарсыласын екінші раундта нокаутпен жеңді.

Бұл – Тоқтарбек Таңатханның осы чемпионаттағы үшінші жекпе-жегі. Осыған дейін ол әуелі армениялық Амбарцум Акопянды ұпай санымен ұтса, содан кейін марокколық Мохамед Ассагирді нокаутпен жеңген еді.

Тоқтарбек жартылай финалға шығу үшін кубалық, екі дүркін олимпиада чемпионы Арлен Лопеспен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергеновтің ширек финалға шыққанын жазған едік.

Сондай-ақ Нұрбек Оралбай ширек финалға жолдама алды.

Махмұд Сабырхан екінші жеңісіне қол жеткізді.


Соңғы жаңалықтар