Қытай лаңкестікпен күресуде Ресеймен белсенді ынтымақтаспақ
Бұл туралы бейсенбі, сәуірдің 1-і күні Бейжіңде кезекті баспасөз мәслихатында Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Цинь Ган мәлім етті.
Дипломат атап көрсеткендей, Қытай Халық Республикасы мәскеу метросындағы лаңкестік шабуылдарды үзілді-кесілді айыптайды және адамдардың қазасына байланысты қайғырып көңіл айтады.
Цинь Ган өз сөзінде Қытайдың лаңкестікпен күрес жөніндегі Ресейдің күш-жігерін қолдайтынын және екіжақты формат пен Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы ынтымақтастықты нығайтуға үмітті екенін атап көрсетті
Бұған дейін Қытай Төрағасы Ху Цзиньтао РФ Президенті Дмитрий Медведевтің атына жеделхат жолдап, қытай халқы пен үкіметінің атынан көңіл айтқан болатын.