Қытай мәнерлеп жазу картинасы аукционда абсолютті рекорд орнатты

АСТАНА. Желтоқсанның 2-сі. ҚазАқпарат - Мин әулеті дәуірінің кезеңіндегі қытайлық мәнерлеп жазу жұмысы Бейжіңде өткен аукционда құны жағынан рекорд орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігінің сайтына сілтеме жасап.

Қытай мәнерлеп жазу картинасы аукционда абсолютті рекорд орнатты

Суретші У Биннің «Он сегіз архат» картинасы 169,1 миллион юаньға (24,8 миллион долларға) сатылды, ол алдын-ала болжанған бағадан алты есе асып түсті.

Қытайлық мәнерлеп жазу шеберлерінің шығармаларына арналған, мұның алдындағы орнатылған рекорд - Цюй Иннің «Қызыл жардың бұрышы» картинасы 10,7 миллион долларды құраған болатын, ал соңғы рекорд одан екі есе асып түсті. У Биннің картинасын шанхайлық коллекционер Лю Ицянь сатып алды. Бір кездері «Қызыл жардың бұрышы» 1736-1795 жылдар аралығында билік құрған Цин Цяньлун әулетінің императорына тиесілі болған еді.

«Меніңше, Қытайдың классикалық өнері батыстық импрессионистерінің және Пикассо мен Ренуар сияқты заманауи суретшілердің картиналарымен салыстырғанда айтарлықтай төмен бағаланып келді», - деді сауда-саттықты жүргізген Poly International аукцион үйінің өкілі Ли Да. Оның айтуынша, «классикалық қытайлық картиналардың философиясын, рухын және тарихи құндылығын тек қытайлық адам ғана толық бағалауы мүмкін».

Аукционда сонымен қатар, классикалық қытайлық мәнерлеп жазуда  рекорд орнатылды - Сунн империясының уақытында өмір сүрген бейнелеп жазу шебері  Цзэн Гуннің жұмысы 108,6 миллион юаньға (15,91 миллион доллар) сатылды, Ли Даның пікірінше, аукционның қорытындылары қытайлық арт-рыноктың қалпына келгенін көрсетеді.