Қытай мектебінде орын алған қыспақтың салдарынан 8 бала көз жұмды
АСТАНА. Желтоқсанның 8-і. ҚазАқпарат - Қытайдың Хунань провинциясындағы орталық мектептердің бірінде қайғылы оқиға орын алды. Мектеп ғимаратының сатысында болған қыспақтың салдарынан 8 бала қаза тапты,
тағы 26 адам түрлі жарақат алды, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Қайғылы оқиға дүйсенбі күні кешке, сабақ аяқталғаннан кейін болған. Қоңырау естіле салысымен, оқушылар сыртқа қарай лап берген.
Сатыда балалардың бірі құлап қалып, соның салдарынан қыспақ орын алған. Нәтижесінде 8 бала көз жұмып, 26 адам түрлі жарақатпен ауруханаға түскен.