01:56, 18 Шілде 2017 | GMT +5
Қытай мен Вьетнам «Талас» дауылынан зардап шекті
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Талас» дауылынан Қытай мен Вьетнам зардап шекті. Вьетнам астанасы Ханойды су басып, қатынас нашарлады, деп хабарлайды Еuronews сайты.

Үйдің төбесі құлап, бір адам қаза тапты. Нгеан провинциясындағы жүк кемесі суға кетіп, 10-нан аса адам табылмай жатыр. Табиғат апатының салдарынан елдің орталығындағы әуежайлардан ұшақтардың қатынауы тоқтатылған.
Қытайда дауылдың жақындауына байланысты жағалауға жақын орналасқан елді мекендерден 330 мың адам қауіпсіз аумаққа көшірілген. Қатты жел мен жауыннан 18 адам мерт болған.