Қытай министрінің бұрынғы орынбасары: үш-бес жылдан кейін юань әлемдегі екінші валютаға айналады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай юаны таяу бес жылда екінші негізгі әлемдік валютаға айналады, деп мәлімдеді ҚХР коммерция министрінің бұрынғы орынбасары Вэй Цзяньго, деп хабарлады РИА Новости.
None
None

«Референдум салдарынан стерлинг фунтына  ауыр соққы болғанына қарамастан, фунт жақын арада қайта өсе бастайды. Соңғы уақыттағы фунттың құнсыздануы юаньның девальвациясына алып келе қоймайды, керісінше, юань қолданысы арта түседі. Есеп бойынша 3-5 жылда юань екінші әлемдік валютаға айналады», - деген Вэйдің сөзін келтірді Синьхуа агенттігі.

Ұлыбританияда 23 маусымда елдің ЕО-дағы мүшелігі бойынша референдум өтті. Ресми деректерге сәйкес Еуроодақтан шығуға 51,9% британдық дауыс берді. Референдум нәтижесі жарияланғаннан кейін Қытай Халық банкі референдумнан кейінгі алдын ала іс-қимыл жоспарын әзірлегенін, бұрынғы басталған саясатты жалғастыратынын мәлімдеді.

Бұдан бұрын ХВҚ қытай юанын SDR себетіне енгізуге  шешім қабылдаған болатын . 2016 жылғы 1 қазаннан бастап  қытай валютасы доллар (41,73%) мен еуродан (30,93%)  кейін үшінші орынды иеленіп, себетте  10,92%  алады. 

Соңғы жаңалықтар