Қытай Су шаруашылығы министрлігі: ҚР мен ҚХР арасындағы қатынас - өңірдегі ынтымақтастық үлгісі

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - 4 тамызда ҚХР-дағы ҚР Елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР Су шаруашылығы министрінің орынбасары, Трансшекаралық өзендерді қорғау және пайдалану жөніндегі қазақстандық-қытайлық бірлескен комиссияның тең төрағасы Чжоу Сюевэнмен кездесті.

Қытай Су шаруашылығы министрлігі: ҚР мен ҚХР арасындағы қатынас - өңірдегі ынтымақтастық үлгісі

Тараптар трансшекаралық су ресурстарын пайдалану саласындағы екі ел арасындағы одан әрі ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, трансшекаралық өзендерді қорғау мен пайдалану туралы үкіметаралық келісімді іске асыру жолдары мен Бірлескен комиссияның алда өтетін 14-ші отырысына дайындық мәселесі тақыланды.

«Екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестік қатынас жоғары деңгейде. Трансшекаралық өзендерді бөлу туралы келісімді келісу және оған қол қою туралы уағдаластық екі елдің тату көршілік, достық пен өзара түстіністігін дамытуға мүдделі екендігін білдіреді», - деп атап өтті Ш. Нұрышев.

Өз кезегінде, Чжоу Сюевэнь Қазақстан мен Қытай дос көрші және стратегиялық әріптес болып табылатынын атап өтті.

«Екі ел арасындағы қатынас өңірге ынтымақтастық үлгісі болмақ, ал 2015 жылы қыркүйекте қол қойылған ҚР мен ҚХР арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңі туралы бірлескен декларация өзара іс-әрекеттің жаңа кезеңі болып табылады», - деді ол.

Трансшекаралық өзендерді тиімді пайдалану және қорғау саласындағы екі ел арасындағы ұзақ мерзімді және жемісті өзара іс-әрекетті орнату мақсатында қытайлық мамандандырылған жоғары оқу орындары базасында су ресурстарын басқару саласында қазақстандық мамандарды дайындауда және олардың біліктілігін арттыруда ынтымақтастықты реттеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.