Қытай Сыртқы істер министрлігі Ким Чен Ирдің Қытайға сапарына ешқандай түсініктеме берген жоқ

БЕЙЖІҢ. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейименов/ - Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрлігі Корея Халық Демократиялық Республикасының басшысы Ким Чен Ирдің Қытайда сапармен жүргені туралы ақпаратты не қуаттамайды, не теріске шығармайды. Бұл туралы сейсенбі күні Бейжіңде Қытайдың сыртқы саясат ведомствосының өкілі Цзян Юй мәлім етті.
None
None

«Бұл мәселе бойынша ешқандай ақпарат бере алмаймын», деп хабарлады Қытай дипломаты. Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында, Солтүстік Корея басшысының Қытайда сапармен жүргені туралы ақпарат пайда болған болатын.

Солтүстік Корея басшысы Қытайда бұған дейін 2006 жылы болған еді.

Соңғы жаңалықтар