Қытай Таулы Қарабақ мәселесінің бейбіт жолмен шешілуін қолдайды

БЕЙЖІҢ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Таулы Қарабақ мәселесін бейбіт жолмен шешу Әзірбайжан мен Арменияның мүдделеріне сай келеді,
None
None

сондай-ақ аймақтағы тұрақтылық пен дамуға оң әсерін тигізеді. Бұл туралы Бейжіңде бейсенбі, мамырдың 27-сі күні ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ма Чжаосюй мәлім етті.

Мамырдың 23-інде Таулы Қарабақта өткен «парламенттік сайлауға» түсіндірме берген қытай дипломаты, Қытай Халық Республикасының мүдделі тараптарды жалпыға ортақ халықаралық-құқықтық нормалар мен БҰҰ қарарларына сәйкес, сондай-ақ консультациялар мен диалогтар өткізу жолымен барша жұрт үшін оңтайлы шешім табуға шақыратынын атап көрсетті.

«Бұл мәселе бойынша Қытайдың ұстанымы анық және өзгермейді», - деп атап көрсетті Ма Чжаосюй.

Бұған дейін, ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы -Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Таулы Қарабақтағы «парламенттік сайлаудың» аймақтағы проблеманы шешуге көмектесе қоймайтынын мәлім еткен болатын.

Соңғы жаңалықтар