Қытай тұрғындары жаңа жылдық аптада 85,5 миллиард доллар жұмсады

АСТАНА. 17 ақпан. ҚазАқпарат - Қытай тұрғындары жаңа жылдық апта ішінде 85,5 миллиард доллар қаржы жұмсады. ҚХР коммерция министрлігі бұл өткен жылғыдан 14,7 пайыз көп екенін атап өтті, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.
None
None

Жаңа жыл ай күнтізбесі бойынша 10 ақпанға қараған түні кірді, 16 ақпанға дейінгі апта Қытайда демалыс күндері болып жарияланды. Бұл күндері дүкендер жеңілдетілген жаппай сату ұсынды. Әртүрлі заттардың жалпы көлемінде зергерлік бұйымдарға сұраныс күшті болды - қытайлықтар өткен жылғ қарағанда 38,1 пайыз көбірек зергерлік әшекейлер сатып алды.

Соңғы жаңалықтар