Қытай Үкіметі Шынжаңдағы арандатушыларды өлім жазасына кесуі мүмкін

АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат -   Қытайдың Шынжаң-Ұйғыр  автономиялық өлкесінде  өткен аптада  болған    тәртіпсіздіктерді аранадатушыларды  «қатаң   жаза»,    тіпті өлім  жазасы күтіп  тұр, 
None
None

 деп  хабарлады  дүйсенбі күні Синьхуа агенттігі прокуратурадағы дереккөзге сілтеме  жасап.

Бейсенбі күні  Үрімшіде  басталған     бұқаралық    шеру,   жұма күні  полициямен қақтығысқа  ұласты.    Тәртіпсіздіктер барысында  5 адам қаза болды, 14 адам жараланды.   Полиция   көзден жас шығаратын   газ    қолдануға мәжбүр болды.   Әзірге расталмаған  мәліметтер  бойынша,   қалаға  танкілер  кіргізілді.

Шеруге  қатысушылар    шілденің   5-інде  болған   бұқаралық тәртіпсіздіктің  салдарынан   197 адам  қаза тапқан,  1,6 мыңнан  астам  адам жараланған  қалада қоғамдық  тәртіпті  қамтамасыз  етуді   талап  еткен.

Жоғарыдағы  оқиғадан  екі айдан  кейін    Үрімшіде белгісіз біреулер    көшедегі адамдарға       жаңа шабуылдар бастаған.  Қаскөйлер     шприц инелерін    пайдаланған.    Жергілікті  тұрғындар,  әлгілер  адамдарға   ВИЧ індетін жұқтырды  немесе «ауыр» есірткілер   екті  деп    алаңдауда.  Бірақ да сот-медицина сарапшылары  «радиоактивті  және  химиялық»  заттардың  егілу  фактілерін  жоққа шығарып  отыр.   «Инелі  қарақшылардың» әрекеттерінен барлығы 531 адам  зардап шеккен.

Бұған   дейін   өкімет    осы  шабуылдарды жасады  деген күдікпен  25  адамның  ұсталғанын     хабарлады,   олардың  төртеуіне  ресми  айып тағылды.

 Өкімет   Шынжаңдағы     жаңа шабуылдарға   сепаратистік  топтарды айыптап  отыр.  «Сепаратистер,  лаңкестер және    экстремистер      аймақта  ұлтаралық   алауыздық туғызу,  жағдайды   ушықтыру      үшін  осындай арандатушылыққа барып  отыр», - деп мәлім етті      Үрімшінің  вице-мэрі  Чжан Хун.

Соңғы жаңалықтар