Қытай «ядролық қарулану бәсекесіне» наразы - Қытай СІМ

БЕЙЖІҢ. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Қытай «ядролық қарулану бәсекесіне» ешқашан қатысқан емес және қатыспайды да, деп мәлім етті бейсенбі, сәуірдің 8-інде Бейжіңде Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Цзян Юй.
None
None

Цзян Юй ханым айтып өткендей, Қытай ядролық қаруға көпжақты тыйым салуды және оны толық жоюды қолдайды. Дегенмен, Бейжің қорғаныс мақсатындағы ядролық саясатты ұстанады және өзінің ядролық әлеуетін мемлекет қауіпсіздігін қорғау үшін қажетті минимальды деңгейде сақтайды. Сонымен қатар Қытай ешқандай жағдайда ядролық қаруды бірінші болып қолданбау, осы қаруға ие елдер мен аймақтарға қоқан-лоқы жасамау туралы уәдесін қатаң сақтап келеді.

«Қытай жер бетінде ядролық қарусыздану үдерісін дамытуға халықаралық қоғамдастықпен бірлесе отырып атсалысуға дайын», - деп атап көрсетті Цзян Юй.

Соңғы жаңалықтар